Астанада С. Сейфуллин және Ә. Сембинов көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты ағымдағы жылғы 5-7 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1286213?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау