Автоматтандырылған бақылау – салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызылған салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураға салық органының ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірін берудің автоматтандырылған процесі.
Электрондық шот-фактураға тіркеу нөмірін беру кезінде автоматтандырылған бақылау операторының ақпараттық жүйесіндегі қосылған құн салығын төлеушінің салық шотының деректері ескеріледі.
Автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган бекітеді.
Автоматтандырылған бақылау операторы – уәкілетті орган айқындаған, салық шотын жүргізетін заңды тұлға.
Оператор салық шотын жүргізу кезінде:
қосылған құн салығының баланстық сомасын есепке алуды;
электрондық шот-фактураларды жазып беруді қамтамасыз ету үшін салық төлеуші аударған ақшаның сақталуын қамтамасыз етуді;
электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аударуды қамтамасыз етуді;
электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылмаған салық төлеушінің ақшасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
Автоматтандырылған бақылауды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.
Бұл қағидаларда:
салық шотын жүргізу тәртібі;
салықтың баланстық сомасын есепке алу тәртібі;
салық төлеушінің салық шотын толықтыру тәртібі;
электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған ақшаны бюджетке аудару тәртібі;
салық төлеушінің ақшаны қайтару туралы өтінішін беру және оны қарау тәртібі мен мерзімдері;
салық төлеушіге ақшаны қайтару тәртібі;
автоматтандырылған бақылауды жүргізу кезеңі белгіленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1285596?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау