1 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай Төле би атындағы №8 гимназиясында болып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
«Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей бүгінгі күні қоғамның мұғалімдер қауымына артар жүгі басым. Сондықтан, барша мұғалімдер қауымына жаңа оқу жылында қажымас қайрат, толағай табыс пен шығармашылық қуат тілеймін! «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, жақсы ұстанымдағы, ойлы шәкірттеріңіз көп болсын!» – деді Ерлан Нұрманұлы.
Салтанатты жиын барысында соғылған алғашқы қоңырау баршаға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылына жарқын бастау болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1285821?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау