5 қыркүйек – Тіл күніне орай Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде «Til Quest» форматында ерекше интеллектуалды ойын өтті.
Қатысушылар арасында қызметте танысып, тағдырын табыстырған ерлі-зайыптылар да болды.
Шараның ашылуында ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қадыржан Сағын мемлекеттік тілдің Ту, Елтаңба, Әнұранмен қатар елдігімізді айқындайтын маңызды құндылық екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол отбасылық жұптардың басын қосқан мұндай шараның маңыздылығына тоқталды.
Бір сапта қызмет етіп жүрген бұл жұптар бұл жолы да бір команда болып, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Олар фразеологизмдерді ребус арқылы шешіп, көнерген сөздер мен тарихи тұлғаларды танып, әлем әліпбиі, кино және логикаға негізделген қызықты тапсырмаларды орындады.
Бес жұптың білімін, тапқырлығы мен бір-бірін толықтыру қабілетін сынаған сайыс тілді дәріптеу мен отбасы құндылығын ұштастырған ерекше шараға айналды.
Соңында қатысушылар ПД бастығының Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1286190?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау