Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Г.О. және бөлім басшысы Омарова Г.Т. №159 гимназиясында 2026–2027 оқу жылдары мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектеп басшыларымен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Г.О. және бөлім басшысы Омарова Г.Т. №159 гимназиясында 2026–2027 оқу жылдары мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектеп басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібіндегі өзгерістер мен негізгі талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ аттестаттауға дайындық кезеңдері, қажетті құжаттарды рәсімдеу, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және ұйым қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігі мәселелері талқыланды. Мектеп басшылары сұрақтарын қойып, мемлекеттік аттестаттауға қатысты нақты түсіндірмелер мен жауаптар алды. Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауға сапалы әрі жүйелі дайындалуына әдістемелік қолдау көрсету және жаңа талаптарды түсіндіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty/press/news/details/1286098?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version