Елтай тұрғын алабындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және монолитті канал салу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы Елтай тұрғын алабындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және монолитті канал салу мәселесі бойынша мынадай ақпаратты ұсынамыз:
«Гидропроект KZ» ЖШС бас жобалаушы ретінде «Шымкент қаласы, Елтай тұрғын алабындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және монолитті канал салу» жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес «Елтай» каналын нығайту жұмыстары бойынша жалпы ұзындығы 910 метр канал арнасын бетондау және 1 700 метр ЛР10 маркалы Г образды латок орнату үшін жерінің негізін әзірлеу жұмыстары жүргізіледі. Жоба қазіргі уақытта сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Жобаның сметалық құны 599 526 мың теңгені (оның ішінде ҚҚС – 82 693,215 мың теңге) құрайды. Қаржыландыру 2026 жылғы 20 мамырдағы №4 хаттаманың 3-тармағына сәйкес қалалық бюджеттің резерві есебінен жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда жобаға қатысты «Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы» КММ тарапынан 2026 жылғы 30 маусымда №5 салалық қорытынды берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-tabigi-resurstar/press/news/details/1285804?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version