Еңбек жолы» конкурсының облыстық кезеңі қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаш мыс балқыту зауытының «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС қызметкері Мұхамедяр Болат Уәлұлы «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.

Мұхамедяр Б.У. конвертерші болып жұмыс істейді. Еңбек жолын ол  2024 жылы бастаған.

Қысқа уақыт ішінде Болат өзін білікті, әрі болашағы зор жас маман ретінде таныта білді. Кәсіби қызметінде жоғары жауапкершілік танытып, біліктілігін арттыруға және жаңа өндірістік үдерістерді белсенді меңгеруге ұмтылады.

Ұжымда оны еңбекқорлығы, жұмысына адалдығы және тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен орындағаны үшін жоғары бағалайды.

Кәсіби қызметімен қатар, Болат кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, бастамашылдығы мен шығармашылық қабілетін танытып келеді.

Даму мен шығармашылық белсенділікке деген ұмтылысы Болатқа кәсіби шеберлігін жетілдіріп, туған қаласының дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1285830?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version