Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі – тұрақты күтімді қажет ететін азаматтарға, сондай-ақ осындай күтімді тікелей жүзеге асыратын адамдарға қолдау көрсету.
Қазақстанда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға мемлекеттік жәрдемақы көзделген. Бұл әлеуметтік қолдау шарасы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күнделікті күтімді іс жүзінде жүзеге асыратын азаматтарға материалдық көмек көрсетуге бағытталған.
Жәрдемақыны кім алуға құқылы?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға олардың туыстық қатынастарына қарамастан тағайындалады.
Осылайша, жәрдемақыны тек туысы – мысалы, анасы, әкесі, жұбайы, қызы немесе ұлы ғана емес, күтімді іс жүзінде жүзеге асыратын басқа да жеке тұлға ала алады.
Жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қандастар және халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетелдіктер құқылы.
Бұл ретте жәрдемақы мүгедектігі бар адамға емес, дәл күтім жасайтын адамға тағайындалатынын түсіну маңызды. Бұл – екі түрлі әлеуметтік төлем.
Жәрдемақы мөлшері:
Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты белгіленеді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері айына 81 871 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,61 мөлшерін құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты жәрдемақы мөлшері жыл сайын өзгеруі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қалай алуға болады?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Күтім жасайтын адамға жәрдемақы тағайындау» деп аталады.
Оны бірнеше тәсілмен, оның ішінде:
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
– уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі арқылы;
– электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы;
– жекелеген жағдайларда проактивті терезе арқылы алуға болады.
Бубешева Л.А.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті” республикалық мемлекеттік мекемесі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1285731?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау