Бауырлас Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойыны аясында қазақ-қырғыз ақындарының VI халықаралық айтысы ұйымдастырылды. Оған екі елден 16 ақын қатысып, үш күн бойы сөз сайысының көрігін қыздырды.
Қазақ-қырғыз айтысының тамыры тым тереңде жатыр. Көршілес екі елдің ынтымағы мен татулығын, бірлік-берекесін жырлаған. Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Тоқтағұл ақындардың дәстүрі бүгінге дейін жалғасып келеді.
Қырчын жайлауындағы аламанда Сыр елінің қос ақыны Мейірбек Сұлтанхан мен Мұхтар Ниязов бас жүлде мен І орынды қанжығаға байлады!
Ұстаз бен шәкірт дәстүр сабақтастығын жалғап, алыптардың айнымас достығын, татулығын, сыйластығын жырлады.
Орамды ой, айшықты тіркес, мың құбылған мақамымен көрермен көңілін серпілткен қазақ айтысының жүйріктерін, Сыр саңлақтарын құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-district/press/news/details/1286297?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау