«Kazakhstan M-Gas» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Kazakhstan M-Gas» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтіп, оның барысында «ҚТҚ полигонында парниктік газдар шығарындыларын азайту» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
Кездесу барысында тараптар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде пайда болатын парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру перспективаларын талқылады.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – құрамында метанның едәуір мөлшері бар полигондық газды жинау және кәдеге жарату. Жобаны іске асыру атмосфераға шығарылатын метан көлемін азайтуға және полигонның қоршаған ортаға кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, түзілетін биогазды энергетикалық ресурс ретінде пайдаланып, электр және жылу энергиясын өндіру мүмкіндігі қарастырылуда. Осылайша, жоба парниктік газдар шығарындыларын азайтып қана қоймай, қалдықтардың энергетикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-tabigi-resurstar/press/news/details/1285733?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version