Шымкент қаласында қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың сәулеттік келбетін арттыру бағытында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы магистралдық көшелерге 1,6 млн дана біржылдық қызғалдақ және 1,6 млн дана көпжылдық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, қаланың 10 көшесі мен жолайрығына жалпы саны 1 782 гүлді вазон орнатылды. Аталған жұмыстар шаһардың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-tabigi-resurstar/press/news/details/1285741?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау