Көлік прокуратурасы тұрақты облысаралық, қалааралық және ауданішілік автомобильмен жолаушылар тасымалдау бағыттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізудің заңдылығына талдау жүргізді.
Тексеріс барысында бірқатар өңірлерде конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру кезінде қатысушыларға заңсыз кедергілер жасалғаны, сондай-ақ кейбір тасымалдаушыларға негізсіз артықшылықтар берілгені анықталды. Бұл заңнама талаптары мен адал бәсекелестік қағидаттарын бұзуға әкеп соққан.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары мен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды, ал қалған лауазымды тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар белгіленді.
Жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1286090?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау