Мағжан Жұмабаевтың мұрасы СҚО жастарының құқықтық мәдениеті мен патриотизмінің негізі ретінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң  мен тәртіп» қағидаты аясында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен а.ж. 4 тамыз  облыс орталығындағы «Мағжан Жұмабаев орталығында» «Мағжан мұрасы: жастар көзқарасы» атты мәдени-ағартушылық бағдарлама өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында заңға бағынатын және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ ұлы ақын әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Қатысушылар ақын шығармашылығында көрініс тапқан азаматтық ұстаным, әділдік және Отанға деген адалдық идеяларын талқылады. Қоғамға қызмет ету жеке жауапкершілік пен заңды құрметтеуден басталатынына ерекше назар аударылды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, өз елінің тарихын құрметтейтін және оның болашағы үшін жауапкершілігін сезінетін ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді.

                                      Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1286155?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version