Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2026 жылдың тамыз айында атқарған жұмыстары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың тамыз айында жеке және заңды тұлғалардан 315 жолданымдар келіп түсіп, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 311, еңбек қауіпсіздігі бойынша 4 жолданымдар заң аясында тиісінше қаралды.

Жалпы 37 тексеру жүргізіліп, 50 заң бұзушылық анықталып, 20 нұсқама беріліп, 1,4 млн теңге көлемінде 7 әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылып, мемлекеттік бюджетке 0,4 млн теңге өндірілді.

Сондай-ақ, қала аумағындағы 4 кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар:

2 кәсіпорында жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді

3 кәсіпорынның өз қызметіне кәсіптік тәуекелдерді бағалау жүргізілді

3 кәсіпорынның ұжымдық шарттары цифрландырылды

512 жұмыс берушіге өз жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын түзуге ықпал жасады

601 жұмыс берушінің еңбек шарттарындағы сәйкессіздікті жоюына көмек көрсетілді

1 253 жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша сәйкессіздіктерді жоюына ықпал етті

 

Жалақы берешегі

Бүгінгі күнге Шымкент қаласы бойынша жалпы 6 кәсіпорында 66 жұмыскердің алдында 68,8 млн теңге жалақы берешегі қордаланған. Оның ішінде:

1 кәсіпорында («Первый образовательный» ЖШС) 14 жұмыскер алдында 7,1 млн теңге ағымдағы және 1 кәсіпорында («Дарын-2 мектеп-лицейі Шымкент» ЖШС) 15 жұмыскер алдында 3,6 млн теңге мерзімі өткен жалақы берешегі бар.

Мемлекеттік кірістер органдарының құзырында банкроттық рәсім қолданылған 4 кәсіпорында 37 жұмыскерге 58,1 млн теңге («Феб строй» ЖШС 2  жұмыскерге 34,1 млн теңге, «Шымкент Құрылыс» ЖШС 33 жұмыскерге 11,7 млн теңге, «TURAN ENERGO» ЖШС 1 жұмыскерге 3,4 млн теңге, «ПерспективСтрой» ЖШС 1 жұмыскерге 8,9 млн теңге) жалақы берешегі бар.

 

Кәмелет жасқа толмағандардың еңбегі

Шымкент қаласында жазғы демалыс кезеңінде балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша ведомствоаралық мобильді жұмыс тобы құрылып, тұрақты негізде жұмыс істеуде.

Жұмыс тобы тарапынан Полиция департаменті және аудандық полиция басқармаларының ювеналды полиция бөлімдерімен бірлесіп кәсіпкерлік, қоғамдық тамақтану объектілері бойынша бірлескен түнгі рейд жүзеге асырылды.

Жүргізілген рейдтер барысында жұмыс берушілермен, әкімшілермен және жұмыскерлермен түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, оларға Еңбек Кодексінің талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Рейд нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандар еңбек қызметін жүзеге асыруы мүмкін 72 кәсіпкерлік субъектісі қамтылды, кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын бұзудың 8 фактісі анықталды.

Анықталған 8 факті бойынша жұмыс берушілерден түсініктемелер алынып, тиісті материалдар полиция органдарының ақпаратты есепке алу кітабында (КУИ) тіркелді және 2 әкімшілік айыппұл салынды.

Барлық бизнес субъектілерімен алдын ала әңгімелер өткізілді, көрнекі материалдар табыс етілді және заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ауызша ескертулер берілді. Ведомствоаралық мобильді топтың жұмысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында болады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1285683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version