Мемлекеттік органдардың өкілдері «ВКМЗ» АҚ жұмысшыларымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қыркүйекте «ВКМЗ» АҚ аумағында кәсіпорынның еңбек ұжымымен мемлекеттік органдар өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге 50-ге жуық жұмысшы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті департаментінің, Еңбек мобильділігі орталығының, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары жалақы бойынша берешек, жұмыс орындарын сақтау, сондай-ақ бір жылдан астам уақыт бойы міндетті төлемдердің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылмауына қатысты мәселелерді көтерді.

Департамент басшысы Қизатов Б.Қ. жұмысшыларға Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың кәсіпорын жеткізген өнім үшін кредиторлық берешекті өтеу мәселесі бойынша «Қазақмыс» ЖШС-мен жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар кәсіпорын басшылығына қалыптасқан дағдарыстық жағдайдан шығу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру ұсынылды.

«ВКМЗ» АҚ басшылығы жұмысшылардың сұрақтарына жауап бере отырып, тапсырыстар мен білікті кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты 2 және 3-цехтардың ағымдағы жүктемесін қамтамасыз етуде қиындықтар бар екенін, сондай-ақ «Қазақмыс» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілгенін хабарлады.

Кездесу барысында қысқартылу қаупі бар жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Еңбек мобильділігі орталығының директоры Есимбекова А.Қ. мемлекеттік қолдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібін, жұмысқа орналасу және қажет болған жағдайда кәсіптік қайта даярлау мүмкіндіктерін түсіндірді.

Жұмысшыларға олардың кәсібін, біліктілігін және еңбек тәжірибесін ескере отырып, лайықты жұмыс орындарын таңдау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Жұмысқа орналасуға жедел жәрдем көрсету аясында Еңбек мобильділігі орталығы жұмысшы мамандықтары бойынша 400-ден астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.

Сонымен қатар жұмысшыларға мансап орталықтары арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында өз бетінше тіркелу арқылы жұмысқа орналасуға жәрдем алудың тәртібі түсіндірілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының басшысы Қыстаубаев Н.Т. жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау тәртібін түсіндірді. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Д.Б. кәсіпорын жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде жұмысшылар санын қысқарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау және жалақы бойынша қалыптасқан берешекті өтеу мәселелері талқыланды.

«Қазцинк» ЖШС өкілдері құрылымдық бөлімшелер мен мердігер ұйымдардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Кәсіподақ өкілдері қалыптасқан жағдайды әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның кезектен тыс отырысында қарауды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорын жұмысшыларына тиісті өтініштермен Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жүгіну ұсынылды.

Аталған мәселе Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1285728?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version