Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндірме жұмыс өткізу туралы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Нұрлыбеков құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін, тәртіп ережелері мен этика нормаларын сақтауды түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтауға, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен қызметтік тәртібінің жоғары деңгейін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарына деген сенімін нығайтуға арналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1286147?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version