15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау мәселелері бойынша жиын өтті.
Кеңес жұмысына Департамент пен оның аумақтық басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Берік Жақыпбайұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігіне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген негізгі тыйымдар мен шектеулерді еске салып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін теріс қылықтарға тоқталды.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің деонтология нормаларын тек жұмыс уақытында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды. Күнделікті тұрмыста қарапайымдылық танытуға және қоғам тарапынан негізді сын туғызуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге баса мән берілді.
Мемлекеттік қызметшілер сыпайылық пен әдептілік танытып, өздерінің қызметтік жағдайын және мемлекеттік мүлікті жеке мәселелерін шешу мақсатында пайдаланбауы қажет.
Егер Сіз Департамент немесе оның аумақтық басқармалары қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, бұл туралы хабарлай аласыз. Ол үшін Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2 мекенжайында орналасқан Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгінуге болады.
Сондай-ақ байланысу үшін «сенім телефоны»: 8 (7212) 41-14-28.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1286216?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау