Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 қыркүйекте «Атамекен» өнер ордасында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудегі мемлекеттік органдардың рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Әмір Досжан Сарманқұлұлы, облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, сот жүйесінің, әділет органдарының, адвокаттар қауымдастығының, сондай-ақ білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Әбенов А.Ғ. және оның орынбасары Кенжебаев Ж.С. қатысты.

Департамент басшысының орынбасары баяндама жасап, мемлекеттік тілдің маңызды рөліне, соның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолданудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара аясында пікір және практикалық тәжірибе алмасу өтіп, мемлекеттік тілді қолдану аясын одан әрі кеңейту, процестік құжаттарды дайындау сапасын арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша Департамент басшысының орынбасары белсенді қатысқаны және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1285662?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version