Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әзірлеген шығу кестесіне сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға қызмет көрсету мақсатында Пробация үйінде азаматтарды қабылдау өткізілді.
Қабылдауды Департаменттің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Усубалиева Шолпан жүргізді.
Қабылдау кезінде азаматтарға әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді рәсімдеу тәртібі және арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1286064?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау