Қала әкімі құрылыс және инфрақұрылым нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Алдымен қала әкімі «Ынтымақ» тұрғын алабында салынып жатқан бес қабатты, 200 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс қарқынын бағамдады. Мердігер ұйымға жұмыс қарқынын арттырып, нысандарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.

Одан кейін әкім «Алматы – Өскемен» автожолының 259 шақырымында салынып жатқан жаңа жол айрығының құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жол айрығын қыркүйек айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ, Ернат Бәзіл Жансүгіров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және «Мүшелтой» шағын ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысын көрді. Жауапты мамандарға жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, белгіленген мерзімдерді сақтау тапсырылды.

Бұдан бөлек, қала әкімі Біржан сал көшесінде «Ұлттық жоба» аясында жүргізіліп жатқан жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын тексерді. Мұнда мердігер ұйымның жұмыс қарқынын сынға алып, жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жауапты мердігерге жұмыс қарқынын күшейтіп, анықталған ескертулерді екі апта ішінде жоюды міндеттеді.

Аралау барысында «Жастар» және «Ардагерлер» саябақтарындағы автоматтандырылған суару жүйелерін салу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда «Жастар» саябағында автоматты суару жүйесін салу толық аяқталып, жасыл желектерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал «Ардагерлер» саябағында автоматтандырылған суару желілерін салу жалғасуда. Аталған жұмыстарды қазан айында толық аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі жауапты мердігер ұйымдарға жасыл желектерді толық қалпына келтіруді, барлық жұмыстың сапасын қамтамасыз етуді және нысандарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1286086?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version