Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақы тазы мен төбет күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан Кинологтар одағының өкілдерікинологтарит өсірушілерхендлерлер және ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамытуға үлес қосып жүрген сала мамандары қатысты
Әлібек Қуантыров қатысушыларды мерекемен құттықтапқазақы тазы мен төбетті сақтауолардың асыл тұқымдық және табиғи қасиеттерін дамытусондай-ақ отандық кинологияны қолдау бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті
Салтанатты рәсім барысында ұлттық ит тұқымдарын сақтауөсімін молайту және отандық кинологияны дамытуға үлес қосқан 20 азамат марапатталдыОларға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды
Айта кетейікбиыл Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні алғаш рет аталып өтіп отырМерекелік дата ретінде 3 қыркүйектің таңдалуының өзіндік мәні бар. 2024 жылғы дәл осы күні Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекіттіҚазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды
Қазіргі уақытта елімізде ұлттық ит тұқымдарын сақтауасыл тұқымдық қорын қалыптастыруқазақы тазының табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтапхалықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстар жалғасуда
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1285545?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау