Қостанай облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара ұлы ағартушы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына және қазақ тіл білімі мен ұлттық жазудың дамуына зор үлес қосқан ғалым-ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қоғамдық қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға қолдау көрсету және тіл саясаты саласындағы жұмыстарды насихаттау.
Салтанатты жиында мемлекеттік тілдің дамуына және тілдерді насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарға, тіл саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Сонымен қатар «Үздік тілдерді оқыту орталығы» және «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауларының жеңімпаздары марапатталды.
Мерекелік бағдарлама аясында театрландырылған қойылым көрсетіліп, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ән мен би өнерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286047?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау