ҚР ІІМ Камбоджа ІІМ делегациясына заманауи цифрлық шешімдерді таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Камбоджа Ішкі істер министрлігінің делегациясына ішкі істер органдарының қызметінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер мен инновациялық технологиялар таныстырылды.

     Шетелдік әріптестерге смарт-бейдждер, роботтандырылған кешендер, оның ішінде робот-ит, сондай-ақ ел полициясына енгізілген өзге де әзірлемелер көрсетілді.

     Қонақтарға қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және оларды ашуда, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.

     Іс-шара барысында оқиғаларға жедел ден қоюға, келіп түсетін ақпаратты талдауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылды.

     Заманауи технологияларды енгізу — Ішкі істер министрлігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыт “Заң мен тәртіп” қағидатын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

     Кездесу сондай-ақ тәжірибе алмасу, екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылау үшін маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1285707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version