«Құқықтық сауаттылық – жемқорлыққа қарсы қалқан» құқықтық кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық сауаттылық – жемқорлыққа қарсы қалқан» тақырыбында құқықтық кеңес ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін зияны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар пара беру мен пара алудың заң алдындағы жауапкершілігі, жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда қайда және қалай хабарласу керектігі жөнінде ақпарат берілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңестер алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңды құрметтейтін, өз құқығын білетін және жемқорлыққа қарсы тұра алатын азамат қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1285924?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version