Қызылорда облысының Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы және Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы қатысты.

Кездесу Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, есірткі қылмыстарының және интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтті. Заң талаптарын сақтау, өзгенің құқықтарын құрметтеу және әрбір әрекеттің салдарын алдын ала бағалай білу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екені түсіндірілді.

Әсіресе, жасөспірімдерге интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы кеңінен ақпарат берілді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қарым-қатынас пен білім алудың тиімді құралы болғанымен, олардың ішінде интернет алаяқтық, жалған аккаунттар, күмәнді сілтемелер, қаржылық схемалар және заңсыз ұсыныстар сияқты қауіптердің бар екені ескертілді.

Оқушыларға бейтаныс адамдардың қоңырауларына немесе хабарламаларына сенбеу, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және өзге де жеке ақпараттарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде күмәнді сілтемелерге өтпеу және «оңай ақша табу» туралы ұсыныстарға сақтықпен қарау керектігі айтылды.

Кездесу барысында есірткі қылмыстарына тарту тәсілдеріне де ерекше назар аударылды. Жасөспірімдерге «курьер болып жұмыс істе», «бір затты апарып бер», «ештеңе болмайды», «бәрі заңды» деген сияқты ұсыныстардың артында заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін екені ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1285512?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version