Салықтық қызметтерді цифрландыру – халық пен бизнеске қолайлы жағдайеса

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін біз жұмысымыздың үйреншікті бөлігіне айналған, алайда оның артында үлкен әрі жүйелі жұмыс тұрған маңызды бағыт – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру туралы айтқым келеді.

Менің түсінігімде, цифрландыру – құжаттарды қағаз форматынан электрондық форматқа ауыстыру ғана емес. Ең алдымен, бұл – мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара іс-қимылын жылдам, қарапайым әрі қолайлы ету мүмкіндігі.

 Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде біз бұл форматтың қаншалықты сұранысқа ие екенін көріп отырмыз.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Департамент тарапынан 327 079 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 326 459 қызмет немесе 99,8%-ы электрондық форматта ұсынылды. Қағаз форматында небәрі 620 қызмет, яғни 0,2% көрсетілді.

Бұл сандардың артында нақты адамдар – кәсіпкерлер, ұйымдар мен азаматтар тұр. Енді олар қызметті онлайн алуға болатын жағдайда жолға уақыт жұмсамайды, кезекте күтпейді және көптеген қағаз құжаттарды рәсімдеудің қажеті жоқ.

 Бүгінде салық төлеушілерге кең ауқымды цифрлық құралдар қолжетімді. Электрондық сервистер арқылы қажетті ақпаратты алуға, салық берешегін тексеруге, салық төлеушілер туралы мәліметтерді іздеуге, салық калькуляторларын пайдалануға, ҚҚС төлеушілері туралы ақпарат алуға және басқа да қызметтерді қашықтан пайдалануға болады.

Абай облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін қолжетімді электрондық сервистерді белсенді пайдалануға шақырамын. Бүгінде салық және кеден саласындағы қызметтердің едәуір бөлігін онлайн режимде алуға мүмкіндік бар.

 Руслан Данияров –
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1285743?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version