Атырауда 9-10 қыркүйек аралығында өтетін «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы аясында қатысушылардың шығармашылық және инновациялық бастамаларын қолдауға бағытталған «Үздік жоба үшін Grant» байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты – жастардың тың идеяларын қолдау, жобалық ойлау қабілетін дамыту және үздік бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Жобалар төмендегі 6 бағыт бойынша қабылданады:
- Кинематография – 500 000 теңге;
- Музыка – 500 000 теңге;
- Жасанды интеллект – 500 000 теңге;
- Event – 500 000 теңге;
- Хореография – 500 000 теңге;
- Маркетинг – 500 000 теңге.
Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, оларды іске асыруға қажетті қолдауға ие бола алады. Байқауға қатысты ресми ақпараттар мен тапсырмалар @saraishyq.upgrade Instagram парақшасында жарияланады.
Өз идеяңды нақты жобаға айналдырып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік ал!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1285748?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау