Сарыағаш қаласын абаттандыру жобасы аясында бірқатар жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс барысымен танысу мақсатында Майлықожа көшесінің бойына барып, мұнда жүргізіліп жатқан қоршау орнату жұмыстарын бақылап қайтты.
Аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы қаралып, қоршаулардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мен жұмыс сапасына назар аударылды. Жауапты сала басшыларына абаттандыру жобасы аясында бұған дейін берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1285612?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау