Кездесу барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Қазақстан көшесіндегі аулаларды абаттандыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар білім алатын мектептерде педагог-ассистенттерге штат бірліктерін енгізу, №7 мектептің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сауда нысандарын бейімдеу, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бочча және жеңіл атлетика бойынша спорт секцияларын ашу мәселелері талқыланды.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар беріліп, одан әрі атқарылатын жұмыстар мен оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1286109?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау