Шахтинск қаласында «Шахтинскводоканал» ЖШС тарифінің жобасы бойынша жария тыңдаулар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 4 қыркүйекте, Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет үйінде Шахтинск қаласы мен Шахан кентіне арналған су тарату желілері арқылы су беру және ағынды суларды бұру қызметтері бойынша «Шахтинскводоканал» ЖШС-нің 2027–2031 жылдарға арналған тарифі мен тарифтік сметасының жобасын қарау жөнінде жария қоғамдық тыңдаулар өтті.

Қоғамдық тыңдауға Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова, қалалық мәслихат депутаты Т.Т. Шакенов, Қоғамдық кеңестің мүшелері Р.Т. Манапов, И.В. Кропачев, қала тұрғындары, сондай-ақ мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Тыңдауға қатысушыларды жоба туралы ақпаратпен «Шахтинскводоканал» ЖШС директоры Н.Б. Рахимбергенов таныстырды.

Тариф жобасының негізгі есептеулері мен экономикалық негіздемесін «Шахтинскводоканал» ЖШС-нің экономист-маманы В.А. Благинина егжей-тегжейлі таныстырды.

Тыңдау барысында қатысушылар ұсынылған материалдармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге мүмкіндік алды.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу — қызмет көрсетуші ұйым, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдері мен халық арасында ашық диалог орнатудың маңызды құралы. Талқылау барысында тарифтерді қалыптастыруға және халықты сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді қарау кезінде тұрғындардың пікірін ескеруге мүмкіндік беріледі.

Тыңдау қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер белгіленген тәртіппен «Шахтинскводоканал» ЖШС-нің 2027–2031 жылдарға арналған тарифі мен тарифтік сметасының жобасын одан әрі қарау шеңберінде қаралатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1285970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version