Қазақстан халқы тілдері күніне орай Шымкент қаласы полиция департаментінің музейі жанынан Оқырмандар клубы өз жұмысын бастады.
Іс-шараға қаладағы зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, журналистер мен полиция қызметкерлері қатысты. Жиын барысында кітап оқудың маңызы, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жастардың рухани-мәдени дамуына қолдау көрсету мәселелері айтылды.
Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев клубтың ашылуымен құттықтап, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Жаңа клуб қызметкерлердің бос уақытын тиімді өткізіп, білімін жетілдіруіне және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1285934?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау