Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өз лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе пайда көру мақсатында заңсыз пайдалануы, сондай-ақ осы адамдарды игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы сатып алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де шаралар.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпымемлекеттік мәртебеге ие. Негізгі басымдық — алдын алу: сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметі бар адам бұл туралы мемлекеттік орган басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға құқылы.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе өзгеше түрде көмек көрсеткен адам мемлекет қорғауында болады және белгіленген тәртіппен көтермеленеді. Мұндай адам туралы мәлімет мемлекеттік құпия болып табылады. Көрінеу жалған хабарлама заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды адамдары тарапынан заңсыз әрекеттерге (әрекетсіздікке) тап болсаңыз, сенім телефонына хабарласыңыз:
(7292) 30-10-03
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1285555?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау