Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мемлекеттік қызметшіің мінсіз беделі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттік қызметшілердің мінсіз беделінің үлгілерін қалыптастыру және кеңінен насихаттау» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, кәсіби мәдениетті арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мәселелері талқыланды.

Семинарда Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Д. Сенгербаев сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшінің беделі оның күнделікті қызметі, адалдығы, парасаттылығы, кәсібилігі және азаматтармен қарым-қатынасы арқылы қалыптасатынын атап өтті.

Сонымен қатар азаматтардың өтініштерін объективті қарау, жауапкершілік таныту, сыбайлас жемқорлық пен мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ қоғамдық ортада және әлеуметтік желілерде лайықты мінез-құлық сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Мінсіз бедел – мемлекеттік қызметшінің күнделікті еңбегі мен жауапкершілігінің нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1286106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version