Аққулы ауданының жалпы білім беретін мектептерінің басшының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «2026–2027 оқу жылындағы білім мазмұны: негізгі өзгерістер және жаңа оқу жылына қойылатын басты міндеттер» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Семинарға ауданның 22 мектебінен 30 оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасар қатысты.
Семинардың мақсаты – 2026–2027 оқу жылында білім беру мазмұнына енгізілген негізгі өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру, оларды мектеп тәжірибесіне тиімді енгізу бойынша әдістемелік бағыт-бағдар беру және кәсіби қолдау көрсету.
Семинар барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Б. Батталова әдістемелік-нұсқау хаттағы негізгі өзгерістер, құқықтық білім берудің жаңартылған бағдарламалары, бағалаудың жаңа моделі, бірінші сынып оқушыларына арналған бейімдеу бағдарламасы және білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Практикалық бөлімде семинар қатысушылары ұсынылған бағыттар бойынша тапсырмалар орындап, нақты әдістемелік өнімдер әзірледі. Сонымен қатар мектепішілік басқару, жоспарлау және білім сапасын арттыру бағыттарындағы кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында жаңа оқу жылындағы басым бағыттар айқындалып, білім сапасын арттыруға, тиімді басқару мен жоспарлауды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды.
Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер, жаңа мүмкіндіктер және сапалы білімге бағытталған жүйелі қадам!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1285947?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау