Тараз қаласының аумағын абаттандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында күзгі екі айлық сенбілік жұмыстары басталды.
Тараз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №2496 қаулысына сәйкес, қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық 5 қыркүйектен 31 қазанға дейін өткізіледі.
Аталған қаулы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес қабылданған.
Екі айлық аясында қала көшелері, аулалар, қоғамдық орындар мен іргелес аумақтар тазаланып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі.
Қала тұрғындарын, кәсіпкерлерді, мекеме мен ұйымдарды тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркін бірге сақтауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1286067?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау