5 қыркүйек – Қазақтан халқы тілдері күні қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, “Тілім-тірегім” челленджін қолдау мақсатында “Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі” атты мамандар арасында Quiz ойыны түрінде іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында мамандар мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша сұрақтарға нақты жауап беріп, жұмыс барысынан мысалдар келтіріп, белсенділік танытты.
Іс -шара соңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.К.Шалабаеваның Алғыс хаты табысталып , Абайдың өлеңдер жинағы сыйлыққа берілді.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, мемлекеттік тілде сапалы іс жүргізуге және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінде рөлін арттыруға ықпал етеді.
Тіл – халықтың құндылығы, еліміздің нығаймас беріктігінің негізі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1286236?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау