Орал қаласында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалі өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрмет қалыптастыру және қоғамдағы тілдік бірлікті нығайту.
Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өңірдегі тіл саясатын іске асыру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстары туралы дайындалған бейнебаяны көпшілік назарына ұсынылды.
Салтанатты шара Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау сөзінен бастау алды.
Өңір басшысы Н. Төреғалиұлы мемлеттік тіл саясатын жүргізуде үлес қосып жүрген бір топ тіл жанашырларын марапаттады. Соның ішінде М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы PhD, филология факультетінің деканы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО филиалының төрағасы Айдарбек Ахметовке ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Басқа да тіл тұғырын биік ұстаған тұлғаларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан тіл фестивалі көрерменнің көңіліне көтеріңкі рух сыйлап, тілім деп тебіреніп келген елдің абырой-айбынын асырып, көңілді атфосмерада, әдемі нотада өз мәресіне жетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286176?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау