Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезекті жиырма алтыншы
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы шақырылсын.
Облыстық мәслихат
төрағасы Н. Әбішов
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс
халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (3-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
- Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
- Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
- Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысының білім басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облысының Сауран ауданындағы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы»;
- «Арыс қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы»;
- «Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы №29/315-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- Түркістан облысының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы туралы;
- «Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Облыстық мәслихат
төрағасы Н. Әбішов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1285679?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау