Қазақ елінің көк байрағын халықаралық додада биікке көтерген Түркістан облысы «Шардара Армспорт» клубының спортшылары Қырғыз елінде өтіп жатқан VI Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қол күресінен үздік нәтиже көрсетті.
Бүгінде Қырғыз Республикасының көрікті Ыстық-Көл өңірінде өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынына әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар жиналып, ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынауда. Осындай дүбірлі додада ел намысын қорғаған жерлестеріміз қол күресінен жоғары шеберліктерін танытып, жеңімпаз атанды.
Атап айтқанда, 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрдәулет Айдархан оң және сол қолдан қарсыластарының барлығын жеңіп, екі алтын медальді еншіледі. Ал +90 келі салмақта өнер көрсеткен Медет Құттымұратов та додада дес бермей, оң және сол қолдан екі бірдей алтын жүлдеге қол жеткізді.
Қыздар арасындағы бәсекеде сынға түскен Ұлжан Оралбай қос қолдан күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша,«Шардара Армспорт» клубының спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 4 алтын және 2 күміс медаль иеленіп, ел қоржынын молайтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1286135?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау