ТҮРКІСТАНДА 13 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Түркістанда жалпы ұзындығы 145,8 шақырымды құрайтын 143 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгінде жоспар аясында 6,2 шақырымды құрайтын 13 көшеде жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде Шауғар секторындағы М. Әбенова, Игілік, Шаш ана, Құсшы ата, Ықылас-1, Ықылас-2, Ықылас-3, Ықылас-4, Ықылас-5, Құмкент, Құмкент-1, Құмкент-2 және Ынтымақ-1 көшелерінде жұмыстар жүргізілуде.
Көше жөндеу жұмыстарын жоспарлау кезінде әлеуметтік нысандарға қатынайтын және инженерлік инфрақұрылым желілері толық аяқталған көшелерге басымдық берілуде.
Жұмыстар барысында асфальт жабындысы төселіп, жол жиектері ретке келтіріледі. Сондай-ақ сметалық құжаттамаға сәйкес жекелеген көшелерде аяқжолдар салу қарастырылған.
Жөндеу жұмыстарының барысын қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барып көріп, жауапты сала мамандарымен кездесті.
Қала әкімі жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді, құрылыс барысында қолданыстағы талаптарды қатаң сақтауды және жөндеу кезінде тұрғындарға келетін қолайсыздықты барынша азайтуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1286337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version