Туған тілдің әуені – халық жүрегінде
Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында ШҚО Полиция департаменті еліміздің тілдік және мәдени мұрасын дәріптейтін ерекше кеңістікке айналды.
Департамент қызметкерлеріне ұлт ұстазы, бар ғұмырын ағартушылыққа және қазақ тілін дамытуға арнаған Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнематериалдар ұсынылды.
Іс-шараның тағы бір бөлігі Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этностардың тілдеріне арналды. Танымдық бейнероликтер көптілді еліміздің тілдік алуандығына, әр тілдің тарихы мен оны сақтаудың маңызына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Іс-шараның мазмұнын толықтырған көшпелі кітап көрмесінде қатысушылар еліміздің тарихы, әдебиеті мен мәдени мұрасына қатысты жаңа дүниелермен танысып, кітаптардың сырлы әлеміне үңіле алды.
Өйткені әр тіл – өзіндік бір әлем. Ал тілдердің сан алуандығы – ортақ тарихымызды байыта түсетін баға жетпес құндылық.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1285759?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау