Аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес Луговой ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар ауыз су, ескірген электр бағаналарын жаңарту, интернет сапасы мен жылдамдығын арттыру, бейнебақылау камераларын орнату, аялдама салу және көлік қозғалысы жылдамдығын бәсеңдетуге арналған жол кедергісін орнату мәселелерін көтерді.
Көтерілген мәселелер толық шешімін тапқанға дейін тұрақты бақылауда болып, жауапты тұлғаларға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Алдағы кезеңде Смат Есімов атындағы орталық көшенің жолын кеңейту, жаяу жүргіншілер жолын салу және көше жарықтандыру жүйесін орнату бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Бұдан бөлек, орталық көше бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және абаттандыру жұмыстары қарастырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1285647?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау