Гуанчжоу, 2026 ж. 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулы В.Сәрсембеков «Шағыннан ұлыны көру – әлемге таныту» ұранымен өтіп жатқан XXI Қытай халықаралық шағын және орта кәсіпкерлік жәрмеңкесінің ашылу салтанатына қатысты.
Іс-шараға ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гоцин, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Гуандун провинциялық комитетінің хатшысы Хуан Куньмин, ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Ли Лэчэн, Гуандун провинциясының губернаторы Мэн Фаньли, сондай-ақ Қытайдың мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Қытай басшыларының сөйлеген сөздерінде шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі қолдауға, мамандандырылған және инновациялық компанияларды дамытуға, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ халықаралық өндірістік және технологиялық кооперацияны кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Қытайдың өнеркәсіптік, технологиялық және инновациялық дамуының жетекші орталықтарының бірі ретінде Гуандун провинциясы мен Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағының рөлі атап өтілді.
Анықтама: XXI Қытай халықаралық шағын және орта кәсіпкерлік жәрмеңкесі 2026 жылғы 3–6 қыркүйек аралығында Гуанчжоу қаласында өтуде. Көрме ҚХР-дағы шағын және орта бизнесті қолдау және ілгерілету саласындағы негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады және 20 жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шағын және орта кәсіпорындардың халықаралық кооперациясына жәрдемдесу, іскерлік байланыстар орнату, жаңа технологиялар мен өнімдерді ілгерілету, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау саласындағы тәжірибе алмасу. Биылғы көрменің негізгі тақырыптық бағыты жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға арналған.
Жәрмеңкеге әлемнің 40-тан астам елі мен өңірінен 2 мыңнан астам қытайлық және шетелдік кәсіпорын қатысуда. Ресми іс-шараларға 70-тен астам мемлекет, өңір және халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-guangzhou/press/news/details/1286062?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау