Күздің алғашқы күндерінде Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында лотос гүлдері гүлдеп, киелі мекеннің табиғи көркін арттыра түсті.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы гүлзарлар, саялы ағаштар мен жеміс бақтары тарихи нысанның сәулетімен үйлесім тауып, ерекше көрініс қалыптастырып отыр.
Тарихы терең, рухани маңызы зор мекендегі табиғат пен сәулеттің жарасымды үндестігі келушілерге ерекше әсер сыйлап, Түркістанның көрікті келбетін айшықтай түсуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1286333?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау