Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Қыркүйек 4, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Заң мен тәртіп – қоғам дамуының тірегі

Жарияланды:

04/09/2026 18:55

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Оған барлық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысып, полиция департаментінің басшысы Серік Ергешов баяндама жасады.
Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды бастамаларының бірі – «Заң мен тәртіп» қағидаты. Бұл қоғамның дамуына, адамдардың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күресу – құқық қорғау органдарының негізгі міндеті. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кейінгі төрт жылда полиция органдарының ағымдағы шығындарына, материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға және цифрландыруға жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.
Аймақ басшысы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуда, азаматтардың қауіпсіздігі және халықтың полицияға деген сенімін арттыруда жедел шаралар қабылдап, жұмысты жетілдіру керек.
Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алуда профилактикалық жұмыстарды күшейту, бейнебақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру, заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет.
Сонымен қатар, полиция органдары халықпен кері байланысқа, азаматтардың өтініштері мен мәселелеріне жедел ден қоюы тиіс. Орын алған жағдайлар, тіркелген қылмыстар, құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты дер кезінде таратып, туындаған сауалдарға кешіктірмей жауап беру керек.
Заңға бағыну, тәртіп сақтау – орнықты дамуымыздың басты ұстанымы. Қылмыс пен тәртіпсіздікке жол берілмейтін қауіпсіз қоғам құрудағы жүйелі жұмыс жалғаса береді.
Барша жерлестеріміз, жастар заң үстемдігінің маңызын түсінуі тиіс. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген батыр Бауыржан Момышұлының сөзі бүгінге бағдар болуы керек», – деді Мұрат Ергешбаев.
Қазір барлық ауданда 616 бейнекамера және 54 жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылып, жедел басқару орталықтары іске қосылған.
Құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи технологияларды кеңінен қолдануға басымдық берілген. Әсіресе, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы құқықбұзушылықты жедел анықтау және алдын алу жетілдіріліп келеді.
Осы мақсатта 2025-2026 жылдары 1400 бейнекамера, 20 зияткерлік қиылыс және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш орнатылды. Сондай-ақ, жол қозғалысын бақылауға арналған 25 «Сұңқар» арнайы кешені іске қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-district/press/news/details/1286255?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Жамбыл ауданының жекелеген ұйымдарында бюджеттік қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы
Next: Бейбіт Исабаев: «4 жылда Текеліде жүйелі проблемалар шешілді»→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version