Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаттарының үшінші жарыс күні аяқталды.
Жарыстың үшінші күні Жезқазған қаласының «Металлург» стадионында «4×100 метр өрт эстафетасы» тәртібі бойынша өтті. Бұл тәртіпте жылдамдық, дәлдік және командалық өзара үйлесімділік аса маңызды. Нәтиже эстафетаға қатысушылардың әрқайсысының сәтті әрі үйлесімді жұмысына байланысты.
Ерлер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер:
1 орын – Астана қаласы ТЖД – 58,79 сек;
2 орын – Алматы қаласы ТЖД – 60,10 сек;
3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД.
Әйелдер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер:
1 орын – Қостанай облысы ТЖД – 64,81 сек;
2 орын – Шығыс Қазақстан облысы ТЖД – 65,53 сек;
3 орын – Алматы қаласы ТЖД – 65,97 сек.
Осылайша, жарыстың үш күні артта қалды. Осы уақыт аралығында спортшылар жоғары жылдамдықтарын, кәсіби шеберліктерін және командалық бірліктерін көрсетті. Ертең чемпионаттардың қорытынды әрі шешуші күні өтеді. Спортшылар «жауынгерлік қанат жаю» тәртібі бойынша жарыс жолына шығады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1285968?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау