Абай облысында прокурорлар заңсыз өндіру фактісін анықтады: тергеу басталып, 15,7 млн теңге өндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Абай облысы Бесқарағай ауданының прокуратурасы Ертіс өзенінің жағалау сызығын нығайтуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

      2025 жылдың соңында «Техсервиском» ЖШС өзен жағалауының 600 метрлік учаскесін нығайту жұмыстарын жүргізген.

      Прокурорлық тексеру барысында мердігер ұйым инертті материалдарды белгіленген тәртіппен сатып алудың орнына, тиісті рұқсат құжаттарынсыз елді мекен жерлерінен оларды өз бетінше өндіргені анықталды.

      Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы («Жер қойнауын өз бетінше пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

      Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

      Сондай-ақ сот мердігер ұйымды инертті материалдарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатының негізсіз алынған 15,7 млн теңгесін мемлекетке өтеуге міндеттеді.

                                                                                            Абай облысының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1286352?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version