Бүгін – қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаған, ұлттық жазудың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Ол бар ғұмырын халықтың сауатын ашуға, білім мен ғылымды дамытуға және ана тілінің мәртебесін көтеруге арнады.
Ұлт ұстазының мол мұрасы – кейінгі ұрпаққа қалдырған баға жетпес рухани қазына. Оның еңбектері жас ұрпақты білімге, елін сүюге, ана тілін құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үндейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1286372?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау