Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Астанада Алаш қайраткерлеріне тағзым ету рәсімі өтті.
Қаламгерлер аллеясындағы «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, жазушы Ғалым Жайлыбай, Нұртөре Жүсіп, Дәулеткерей Кәпұлы, Ұларбек Нұрғалым және зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және мәдени орта өкілдері қатысты.
Гүл шоқтарын қою рәсімінде Алаш зиялыларының ұлттық тіл мен әдебиетті дамытудағы еңбегі, елдің рухани-мәдени өміріндегі тарихи маңызы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286392?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау