Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай қазақ тілінің тарихи дамуы мен цифрлық кеңістіктегі мүмкіндіктеріне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға облыстық және аудандық прокуратуралардың қызметкерлері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты. Іс-шара барысында қазақ тілінің көне түркі жазбаларынан бастап Алтын Орда, Қазақ хандығы және Алашорда кезеңдеріндегі дамуы, сондай-ақ қазіргі цифрлық кеңістіктегі әлеуеті талқыланды.
Ғалым Ақеділ Тойшанұлы мен Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов қазақ тілінің тарихи-рухани сабақтастығы мен қазіргі даму бағыттарына тоқталды. Жас зерттеушілер Ербол Әбсалямов пен Қанат Самарханов жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы қазақ тілінің мүмкіндіктерін таныстырды.
Сонымен қатар өңірлік прокуратуралар арасында өткен Абай шығармаларын насихаттауға бағытталған байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқау аясында әлеуметтік желілерде 130-ға жуық материал жарияланды. Нәтижесінде бірінші орынды Маңғыстау облысының прокуратурасы, екінші орынды Бас көлік прокуратурасы, үшінші орынды Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті иеленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286436?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау